Қоғам • 22 Шілде, 2024

Мамандар саңырауқұлақ терудің  5 ережесін ұсынды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бурабайда саңырауқұлақтар маусымы басталды. Ұлттық парк мамандары саңырауқұлақ терудің  5 ережесін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандар саңырауқұлақ терудің  5 ережесін ұсынды

Фото: Ұлттық парк

Ұлттық паркте саңырауқұлақ маусымы жаздың ортасынан басталып, күздің ортасына дейін жалғасады. Биыл жаңбыр көп жауғанына байланысты ормандарда саңырауқұлақтар көп шықты.

Табиғи паркте жеуге жарамды саңырауқұлақтар өте көп: ақ түсті саңырауқұлақ, қайың саңырауқұлақ, терекқұлақ, қызыл саңырауқұлақ, майқұлақ, мүкқұлақ, томарқұлақ, сазқатпа, арыш, қозықұйрық. Бұл саңырауқұлақтар ерекше сұранысқа ие.

А

Саңырауқұлақтарда ақуыздар, майлар, түрлі минералды тұздар мен фосфор қышқылы, сондай-ақ А, В1, В2, С, D, PP1 дәрумендеріне бай.

Саңырауқұлақ жинаудың негізгі қағидалары:

• Киім жылы, ыңғайлы және жеңіл болуы керек. Басыңыз бен денеңіздің барлық бөліктері жабық болуы қажет, бұл жәндіктерден, соның ішінде кенелерден қорғайды.

• Саңырауқұлақ теруші саңырауқұлақтардың улы түрлері себетке түспеуі үшін өте мұқият болуы керек. Егер жеуге жарамды екеніне сенімді болмасаңыз, саңырауқұлақты алмаңыз.

• Жинау кезінде жалғыз тұрған саңырауқұлақтарды түбінен бұрап алыңыз. Егер саңырауқұлақтар топтасып өссе, оларды кесіңіз.

• Орманға кіргенде саңырауқұлақтардың өсу орнына зиян келтірмеу үшін таяқ қолданыңыз. Саңырауқұлақтардың өсу орнын бұзуға болмайды.

• Егер саңырауқұлақ жинау тәжірибеңіз аз болса немесе алғаш рет жинап жатсаңыз, тәжірибелі саңырауқұлақ жинаушымен бірге барған жөн. Ол сізді ормандағы қателіктерден сақтап, жиналған өнімді қалай дұрыс әзірлеу керектігін айтады.